«Ойыншықтар хикаясы 5» () — Pixar Animation Studios студиясы әзірлеп жатқан америкалық толықметражды компьютерлік-анимациялық комедиялық-шытырман оқиғалы фильм. Бұл — «Ойыншықтар хикаясы» франшизасының бесінші бөлімі және «Ойыншықтар хикаясы 4» (2019) мультфильмінің жалғасы. Фильмнің режиссері әрі сценарийшісі — Эндрю Стэнтон. Кейіпкерлерді дыбыстауға Том Хэнкс, Тим Аллен, Джоан Кьюсак, Эрни Хадсон, Конан О’Брайен және Анна Фэрис қатысты.

2019 жылдың ақпанында Аллен «Ойыншықтар хикаясы» фильмінің бесінші бөлімін жасауға қызығушылық танытты. Сол жылдың мамыр айында Хэнкс «Ойыншықтар хикаясы 4» франшизаның қорытынды бөлімі болады деп мәлімдегенімен, бесінші бөлімді шығару мүмкіндігі бәрібір ашық қалды. Жобаның әзірленіп жатқаны 2023 жылдың ақпанында ресми түрде расталды, ал Хэнкс пен Аллен өз кейіпкерлерін дыбыстауға қайта оралды. 2024 жылдың маусымында Стэнтонның туынды режиссері болып тағайындалғаны белгілі болды, ал екі айдан кейін оның сценарий де жазатыны расталды. Бұл — франшизаның тең автор Джон Лассетердің қатысуынсыз жасалған алғашқы мультфильмі; 2018 жылдың соңында ол режиссерлік өкілеттігін тапсырып, Pixar студиясынан кеткен болатын.

«Ойыншықтар хикаясы 5» мультфильмінің премьерасы 2026 жылдың 9 маусымында өтті, ал үлкен экрандарға 19 маусымда шықты.

Сюжеті Вуди тастанды ойыншықтарға иелерін табуға көмектесу үшін Бонниді тастап кеткеннен кейін, Джесси оның бөлмесіндегі ойыншықтар тобына жетекшілік етті, ал Базз Лайтер оның көмекші командирі ретінде қызмет атқарады. Соған қарамастан, сегіз жасар Бонни өзінің жаңа сүйікті ойыншығына — «Лилипад» деп аталатын бақа тәрізді планшетке бауыр басып қалды.

Рөлдерді дыбыстағандар

Актер Кейіпкер Сипаттамасы Дер. Том Хэнкс Шериф Вуди Ковбой-ойыншық Тим Аллен Базз Лайтер Ғарыш рейнджері-ойыншық Джоан Кьюсак Джесси Ковбой-ойыншық Грета Ли Лилипад Ақылды планшет, басты теріс кейіпкер Блейк Кларк Спиралька Тақса-серіппе Джон Ратценбергер Хэмм Шошқа-ақшажинағыш Тони Хейл Вилкинс Қоқыстан жасалған ойыншық Конан О’Брайен Умные Брюки Түбекке отыруды үйрететін ескі гаджет Крэйг Робинсон Атлас Сөйлейтін бегемот-навигатор Шелби Рабара Снэппи Ойыншық сандық камера Скарлет Спирс Бонни Ойыншықтардың иесі қыз бала Майкал-Мишель Харрис Блейз Жануарларды жақсы көретін 8 жасар қыз Мэтти Мэтисон Доктор Наткейс Техникадан қорқатын жержаңғақ-ойыншық Уоллес Шон Рекс Тираннозавр-ойыншық Джефф Бергман Картоп бас мырза Ойыншық Анна Вочино Картоп бас ханым Ойыншық Энни Поттс Бо Пип Түнгі шам-ойыншық Бонни Хант Долли Шүберек қуыршақ Карен Беверли Қоқыстан жасалған ойыншық Джон Хопкинс Колючка Кірпі-ойыншық Кристен Шаал Трикси Трицератопс-ойыншық Эрни Хадсон Жауынгер Карл G.I. Joe-фигурасы Киану Ривз Дюк Бубумс Пластикалық каскадёр-ойыншық Лори Алан Андерсон ханым Боннидің анасы Джей Эрнандес Андерсон мырза Боннидің әкесі Анна Фэрис — Белгісіз рөл

Қазақша дубляж Қазақстанда фильм 2026 жылдың 18 маусымында кінотеатрларға «Ойыншықтар хикаясы 5» деген ресми атаумен прокатқа шықты. Туындының мемлекеттік тілдегі ресми дубляжын «Disney Character Voices International» компаниясының тапсырысымен Алматы қаласында орналасқан «MovieDalen» дыбыс жазу студиясы дайындады.

Өндіріс және актерлік құрам Дубляж процесі бір айға созылған қарқынды шығармашылық жұмысты қамтыды. Жоба Walt Disney Pictures компаниясының халықаралық контентті жергілікті тілдерге бейімдеу бағдарламасы аясында тікелей шетелдік студияның қаржыландыруымен жүзеге асты. Қазақ тілді локализацияның шығармашылық жетекшісі болып дубляж режиссері Шах-Мұрат Ордабаев бекітілді. Ол режиссерлік қызметпен қатар, туындыдағы танымал Рекс динозаврының кейіпкерін өзі дыбыстап шықты.

Режиссері әрі шығармашылық жетекшісі — Шах-Мұрат Ордабаев Дыбыс операторы және микс-студия — «MovieDalen»

Ролдерді дубляждағандар:

Вуди — Әлихан Лепесбаев Базз Лайтер — Бақытжан Жармұхамбетов Джесси — Аида Мырзабаева Лилипад (басты антагонист-планшет) — Динара Нығметуллина Рекс — Шах-Мұрат Ордабаев Созалақ — Әбілмансұр Серіков Смарти-Пэнтс — Нұрсұлтан Кубиев Снэппи — Ақерке Абдолдаева Тікенек мырза — Асан Мәжит Трикси / Боннидің анасы — Зарина Кәрмен Долли — Бота Мия Бонни Андерсон — Айзере Беркімбай Блейз — Риана Ренат

Өндірісі

Әзірлеу 2020—2022 жылдар аралығында COVID-19 пандемиясы мен оның кино өндірісіне және прокатқа тигізген әсеріне байланысты, сондай-ақ басқа да себептермен Pixar студиясы анимациялық фильмдерін прокатқа шығара алмады. «Алға» мультфильмі кинотеатрларға жеткенімен, індеттің таралуына байланысты тез арада үйден көру форматына ауыстырылды, ал «Жан», «Лука» және «Мен қызармын» туындылары кинотеатрларға мүлдем шықпай қалды, бұл олардың табыстылығын айтарлықтай төмендетті. Экранға шыққан «Базз Лайтер» мультфильмі де кассада сәтсіздікке ұшырады. Осы жағдай мен басқа анимациялық студиялардың кассалық хиттерді ұсынудағы жетістіктері аясында, Pixar студиясының иесі — Disney компаниясы өз анимациялық студияларын қайтадан табыс әкелуге мәжбүрлейтін жоспар құруға тиіс болды. Осы тұрғыда 2023 жылдың ақпанында Disney акционерлерімен кездесуде компанияның бас директоры Боб Айгер алдағы жылдары Disney мен Pixar анимациялық студиялары қауіпсіз инвестиция болып табылатын сәтті франшизаларға назар аударатынын мәлімдеді және ерекше табысты франшизалардың үш жалғасын шығаратынын жариялады: олар — Disney студиясынан «Мұзды өлке 3» пен «Зоотопия 2» және Pixar студиясынан «Ойыншықтар хикаясы 5». Бұл мультфильмдердің алдыңғы бөлімдерінің әрқайсысы миллиард доллардан астам табыс тауып, «Оскар» сыйлығына ұсынылған немесе оны жеңіп алған болатын. Сонымен қатар Айгер компанияның 7000 қызметкерін жұмыстан шығаратынын хабарлады, бұл Disney-ге 5,5 миллиард доллар үнемдеуге мүмкіндік береді деп күтілуде.

Кастинг 2023 жылдың 9 ақпанында Тим Аллен бұған дейінгі «Базз Лайтер» спин-оффында бұл кейіпкерді Крис Эванс дыбыстағанына қарамастан, осы фильмдегі Базз Лайтер рөлін дыбыстауға қайта оралатынын растады.

Музыкасы Рэнди Ньюман «Ойыншықтар хикаясы 5» фильмінің саундтрегін жазуға қайта оралды, ол бұған дейін алғашқы төрт бөлімнің де музыкасын шығарған болатын. 1 маусымда, көптеген болжамдардан кейін, Тейлор Свифт фильмге арналған «I Knew It, I Knew You» атты өзіндік әнін таныстырды. Бұл туындыны Свифт пен Джек Антонофф бірлесіп жазып, продюсерлік еткен. Әннің тұсаукесері 2026 жылдың 5 маусымында өтті.

Премьера және пікірлер Мультфильмнің премьерасы 2026 жылдың 19 маусымында өтті.

IGN басылымынан Клинт Гейдж туындыға 10-нан 7 ұпай беріп, мультфильмнің соңын жоғары бағалады. The Guardian-нан Питер Брэдшоу жобаға 5-тен 2 жұлдыз қойып, франшизаның өз-өзін тауысқанын жазды. The A.V. Club-тан Джесси Хассенджер «Ойыншықтар хикаясы 5» мультфильміне «B+» деген баға беріп, ондағы ұшқыр әзілдерді ерекше атап өтті. Variety-ден Оуэн Глейберман бұл туындыны киносерияның тамаша аяқталуы деп санауға болады деген пікір білдірді.

Дереккөздер

Санат:«Ойыншықтар тарихы» сериясының мультфильмдері Санат:Ағылшын тілді мультфильмдер Санат:Pixar мультфильмдері Санат:АҚШ компьютерлік анимациялық фильмдері Санат:Эндрю Стэнтонның мультфильмдері Санат:Walt Disney студиясының толықметражды мультфильмдері Санат:АҚШ сиквел-фильмдері Санат:Мультфильмдердің сиквелдері Санат:2026 жылғы компьютерлік анимациялық фильмдер Санат:2026 жылғы АҚШ мультфильмдері