Music Canada — Канадада музыка жазатын, шығаратын, өндіретін және тарататын компаниялардың мүддесін қорғау үшін 1963 жылы 9 сәуірде Торонто қаласында құрылған бейкоммерциялық салалық ұйым. Сондай-ақ ол Канаданың жетекші тәуелсіз дыбыс жазу лейблдері мен дистрибьюторларына қолдау көрсетіп, түрлі артықшылықтар ұсынады. Бұл ұйым 1972 жылға дейін Canadian Record Manufacturer's Association (), ал 2011 жылға дейін Canadian Recording Industry Association (CRIA) () деп аталған.

Тарихы Бастапқыда 10 мүшеден тұратын Канадалық дыбыс жазу өндірушілері қауымдастығы (Canadian Record Manufacturer's Association) болып құрылған бұл ұйым 1972 жылы атауын Canadian Recording Industry Association (CRIA) деп өзгертіп, мүшелікке дыбыс индустриясының басқа да компанияларын қабылдай бастады.

2006 жылы бірқатар шағын лейблдер ұйым өз мүдделерін қорғамай жатыр деп шағымданып, мүшеліктен шығып кетті. 2011 жылы 7 шілдеде CRIA өз атауын Music Canada деп өзгертіп, жетекші тәуелсіз лейблдер мен дистрибьюторларға арнайы жеңілдіктер мен артықшылықтар ұсына бастады.

Сертификаттау марапаттары thumb|«The Last Waltz» (1978) альбомына берілген алтын диск

Альбомдар Сертификат 2008 жылғы 1 мамырға дейін шыққандар 2008 жылғы 1 мамырдан кейін шыққандар Алтын 50,000 40,000 Платиналы 100,000 80,000 Гауһар 1,000,000 800,000

Синглдер 2016 жылғы 12 қыркүйекке дейін Music Canada ұйымында физикалық синглдер мен цифрлық жүктемелер үшін әртүрлі сертификаттау деңгейлері болды. Сол күні цифрлық жүктемелерге арналған марапат түрі жойылып, синглдер марапаты цифрлық жүктемелер мен физикалық синглдердің сатылымдарын біріктірді. Оған сондай-ақ стримингтер де кіреді: жазылым қызметіндегі 150 сұраныс бойынша аудио стриминг сертификаттау үшін 1 бірлікке теңестіріледі. Сертификат 2016 жылғы 12 қыркүйектен кейінгі сертификаттаулар Алтын 40,000 Платиналы 80,000 Гауһар 800,000

2016 жылғы қыркүйекке дейінгі сертификаттаулар Физикалық синглдер Сертификат 1982 жылғы 1 ақпанға дейін 2002 жылғы қыркүйекке дейін 2002 жылғы қыркүйектен кейін Алтын 75,000 50,000 5,000 Платиналы 150,000 100,000 10,000 Гауһар 1,500,000 1,000,000 100,000 Цифрлық жүктемелер Сертификат 2007 жылғы 1 қаңтарға дейін 2010 жылғы сәуірге дейін 2010 жылғы 1 мамырдан кейін Алтын 10,000 20,000 40,000 Платиналы 20,000 40,000 80,000 Гауһар 200,000 400,000 800,000

CRIA / Music Canada ұйымы цифрлық жүктеме түріндегі синглдерге (және 2016 жылғы 12 қыркүйектен бастап кез келген синглдерге) ең соңғы сертификаттау деңгейлерін қолданады, тіпті бұл туындылар CRIA-да төменірек сертификаттау деңгейлері болған кезеңде шыққан болса да. Мұның бір мысалы — 2009 жылдың қаңтарында цифрлық жүктеме деңгейлері Алтын үшін 10,000 және Платиналы үшін 20,000 болып тұрған кезде шыққан, Flo Rida feat. Kesha орындауындағы «Right Round» синглы. CRIA (қазіргі Music Canada) 240,000 бірлік сатылым үшін ең соңғы деңгейлерді қолдана отырып, оған 2010 жылдың қазан айында үш мәрте Платиналы сертификат берді.

Рингтон және музыкалық DVD Рингтон (синглдер) және музыкалық DVD сертификаттаулары 2021 жылғы 1 сәуірде қолданыстан шығарылды.

Сертификат Барлық рингтон релиздері үшін Барлық бейне релиздері үшін Алтын 20,000 5,000 Платиналы 40,000 10,000 Гауһар 400,000 100,000

Дереккөздер

Санат:1964 жылы құрылған компаниялар Санат:Музыкалық индустрия қауымдастықтары