Жеке іс жүргізу құқығы немесе Дауларды баламалы шешу құқығы — заңдық теңдік әдісімен соттан тыс дауларды шешу және құқықтық жанжалдарды өзін-өзі реттеу қағидаттары негізінде, дербес түрде немесе арбитраж көмегімен реттеуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін жеке құқықтың дербес саласы. Ол үш институттан тұрады: келіссөздер, медиация және арбитраж.
Жеке іс жүргізу құқығының әдісі – тараптардың теңдігі қағидатына негізделеді және тараптар дауды шешу тәсілін таңдауда толық еркіндікке ие.
Жеке іс жүргізу құқығының ерекшелігі – дауларды соттан тыс тәртіппен шешуге мүмкіндік беруінде және тараптарға дауды шешу тәсілін таңдауда кең еркіндік берілуінде.
Негізгі ерекшеліктері:
1. Тараптардың теңдігі – тараптар тең құқықтық жағдайда болады.2. Таңдау еркіндігі – тараптар дауды шешу тәсілін өздері таңдайды.3. Диспозитивтілік – тараптар келіссөздерді, медиацияны немесе төрелікті қолдану туралы өздері шешім қабылдайды.4. Соттан тыс сипат – дау мемлекеттік сотқа жүгінбей-ақ шешілуі мүмкін.5. Келісімге келуге бағытталуы – тараптардың өзара қолайлы шешімге келуіне ерекше мән беріледі.6. Жеке-құқықтық сипат – негізінен жеке-құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды реттеуге бағытталған.
Пәні Жеке процестік құқықтың пәнін жеке-құқықтық дауларды шешуге және реттеуге байланысты қоғамдық қатынастар құрайды. Мұндай қатынастарға: Тараптардың дауды өзара келісім арқылы шешуі; Медиатордың көмегімен келісімге келу; Дауды төрелікке беру; Төрелік талқылауды ұйымдастыру; Тараптардың құқықтары мен міндеттерін іске асыру; Дауды бейбіт жолмен аяқтау.
Негізгі қағидаттары Жеке процестік құқықта тараптардың теңдігі, еріктілік, бейтараптық, құпиялылық және тараптардың өзара келісімі маңызды орын алады.
Еріктілік — тараптардың дауды баламалы тәсілмен шешуге өз еркімен қатысуын білдіреді.
Тараптардың теңдігі — дау тараптарының өз құқықтарын жүзеге асыру және өз ұстанымдарын білдіру мүмкіндіктерінің тең болуын білдіреді.
Бейтараптық — дауды шешуге көмектесетін адамның немесе органның тараптардың бірінің мүддесін жақтамауын білдіреді.
Құпиялылық — дауды қарау барысында алынған ақпаратты заңда немесе тараптардың келісімінде көзделген жағдайлардан басқа кезде жария етпеуді білдіреді.
Тағы қараңыз Азаматтық іс жүргізу құқығы Жеке құқық Медиация Арбитраж
Дереккөздер
Санат:Жеке құқық Санат:Құқық салалары