Ресей империясы кезіндегі Гурьев қаласы — Патша үкіметі өз мақсаттарын орындау үшін Ярославль қаласының бай саудагері Гурий Назарьев және оның балаларының жеке меншікті капиталын пайдаланды. 1640 жылы Гурий Назарьев балалары Михаил, Дружин, Иван, Андреймен Жайықтың төменгі сағасына қоныс тепті. Келісімен өзен үстіне тоспа (учуг) құрып онан түскен балықты «көшпелілер мен казак отрядтары шабуылынан қорғау үшін Жайықтың оң жағындағы оның құяр сағасынан жеті версть жерден ағаш күркешіктер» тұрғызды.Овчинников Р.В. Гурьевская крепость, журнал «История СССР» 1970, №1, стр. 188. 161. Бахушин С.В. Промышленные предприятия русских торговых людей в XVII в./ в кн.

Гурьев қаласының құрылыс жұмысы 1647 жылы 6 маусымда басталып, 1662 жылға дейін созылады. Қаланың ұзақ уақыт салынуына көрші халықтардың қамал салуға наразылығы көп кедергі келтіргеннен болса керек. Мәселен, 1649 жылы жаңа салынып жатқан қалаға Дон казагы атаман Иван Кондырев шабуыл жасап, құрылыс жұмысын 1650 жылға дейін тоқтатады. 1661 жылы атаман Паршик (Парфен Иванов) бастаған 700 Дон казактары тағы шабуыл жасап ойрандайды. Бірақ соған қарамастан қала құрылысы 1662 жылы аяқталады.Дариенко В.И. Город Гурьев. «УЗ КазГУ им. С.М.Кировая, том 53. Серия историческая, вып. 9, Алма-Ата, 1962, стр. 247; Советская историческая энциклопедия, том IV, Москва, 1963,стр.900.

Салынған қаланы "Жайық тас қалашығы» деп атаған. Қалмақтар "Узян-Балюзин", қазақтар «Үйшік»Даниелевский К.В. и Рудницкий E.В. Урало-Каспийский край. Уральск, 1927, стр. деп атап кеткен. 1752 жылдан қала «Гурьев» қаласы атанған. Гурьев қаласының салынуы үкіметтің Каспий өңіріндегі кәсіпшілік орындарын қорғау үшін ғана емес, сонымен қатар орыс мемлекетінің жергілікті байлықты меңгеруіне, Орта Азия, Үндістан, Қытай және т.б. жерлермен сауда байланысын жасайтын құрғақтағы және су жолын қорғауда, дипломатиялық қарым-қатынасты жақсартуға үлкен қызмет етті. Гурьев қаласының салынуы патша үкіметі, оның бай-қуатты билеушілері үшін саяси, экономикалық және әлеуметтік мәні бар рөл атқара отырып, қазақ жерін отарлауға жол ашты.

1667 жылдың шілдесінен 1668 жылдың наурызы аралығында Гурьев С.Разиннің қол астында болды. С.Разиннің Гурьевті алуы патша үкіметін қатты састырды. 1667 жылы 19 шілдеде Москвада патша кеңес шақырып, онда Гурьевті көтерілісшілерден босату мәселесін қарады. Патша үкіметі Я.И.Безобразов бастаған жазалаушы отряд құрды. Жайық бойындағы С.Разин қимылын бақылап, Москваға хабарлап тұру үшін агент Михаил Алексеевті аттандырды. C.Разиндықтар қаланы жазалаушы отрядтан қажырлықпен қорғай отырып 1668 жылдың көктемінде Жайық өзені мен Каспий теңізі мұзының түсуін пайдаланып, 23 наурызда Гурьев қаласын өз еркімен тастап Каспий теңізіне шығып кетті. Мұнан кейін де Жайық казак орыстары, стрелецтер т.б. Гурьев қаласы мен «Учугын» жоймақ болып бірнеше рет шабуыл жасады, 1677 жылы казактардың атаманы Василий Касимов қамал мен балық кәсіпорындарына шабуыл жасап, ойрандап кетеді. Ақыры, амалы таусылған үкімет 1752 жылы Гурьев қаласын учугімен қоса Жайық казак орыс әскерлерінің құрамына берді.

1753 жылы үкіметтік Сенаттың әмірімен Гурьев Астраханынан алынып, Орынбор губерниясына берілді. E.Пугачев көтерілісі Каспий өңірі халықтарынан үлкен қолдау тапты. Көтеріліс қызған кезде, 1773 жылы қарашада Е.Пугачев жергілікті қазақтармен танысып, қол толтыру үшін Михаил Толкачев бастаған отрядты Гурьев жаққа жібереді. Михаил Толкачев және онымен бірге Абдеш Танғаев пен Айберды Даутов бар 300 қол Жайықтың бойындағы бекіністерді өздеріне қаратып, жергілікті адамдардың есебінен жасақтарын көбейтіп, бірталай оқ-дәрі, қару-жарақ түсіріп кері кетті. Гурьев қаласы көтерілісшілер қозғалысының аса ірі тірек пункттері ғана емес, «Кіші жүздің батыс бөлігінде шаруалар соғысының ықпалын күшейту үшін" де маңызды рөл атқарды. Пугачевшілер Гурьев қаласымен ұдайы байланыс жасап, оқ-дәрі, азық-түлік, қару-жарақ алып тұрды.

Патша үкіметі Гурьевті калайда болса алу үшін үлкен күш төкті, қаланы қоршауға алды. Үкімет әскері 2 мамырда қалаға баса-көктеп кіріп, қаланы өздеріне бағындырды. Гурьев үкімет әскері қолына көшіп, Пугачев әскері жеңілгенімен «Петр ІІІ» патша бұл қаланы тірек етуін қоймады. Мұнымен Жайық бойын мекендеген қазақ, орыс кедейлерінің күресі тоқталмады. Әсіресе, қазақтардың күресі күшті болды. Бұған қоса 1775 жылдың мамыр айында Пугачев күресін жалғастырушы Метелка Заметайлов бастаған шаруалардың үлкен көтерілісі болды. Осы күрестерден кейін Гурьев қамалын қорғау қажетсіз деп тауып, 1810 жылы бекіністі құлатып, оны күзетіп тұрған әскер күшін таратады. Осыдан кейін Гурьев көп жылдар бойы Қазақстандағы жай қалалардың бірі есебінде қалды.

Қазақстан жері түгелімен Ресейге қосылып, көптеген байлық көзі ашылғаннан кейін үкімет назары Гурьевке қайта түсіп 1865 жылы Гурьев уезін құрды. 1867- 68 жылдардағы реформадан кейін 1869 жылы Орал облысы құрылып Гурьев уезі соның қарамағына енді. XVIII ғасырдың бірінші жартысында-ақ үкімет қанша кедергі жасауға тырысқанымен Гурьев қаласы ірі сауда аймағына айналып, онымен жергілікті халық жиі қарым-қатынаста болды. Гурьев қаласымен байланыс жасауға қазақтардың өздері де мүдделі болды. Кіші жүздің ханы Нұралы да Гурьевте қазақтардың еркін сауда жасауына рұқсат беруін өтініп елшіліктер жіберді. Ақыры 1859 жылы үкімет 25 қазаннан 10 қараша аралығында Гурьевте еркін сауда жасауға рұқсат берді.

Гурьевтіктердің екінші бір артықшылығы олар Каспий теңізі, Жайық өзені арқылы сумен де сауда қатынасын жасап тұрды. 1869 жылдан бастап Астрахань- Гурьев арасында жүк таситын кемелер жүре бастап, сол жылы 95 рейс жасаған. 1889 жылы Астрахань-Гурьев арасында жетісіне екі рет кісі таситын кеменің жүруі гурьевтіктер саудасын жандандырды. Сонымен қатар Гурьевте Орал базарларына қарағанда малдың құны төмен болды. Гурьевтің басқа қалалардан тағы бір артықшылығы қала тұрғындары да, сыртта тұратындарының да негізгі кәсібінің бірі — балық және тұз өнеркәсібі болды. Әсіресе балық аулау маусымы кезінде сауда қатынасы күшті қарқынмен жүргізілді.

Сөйтіп, революцияға дейін Гурьев патша үкіметі үшін стратегиялық жағынан ерекше нысан ретінде Шығыспен сауда қатынасын жақсартуға жағдай жасады. Сонымен қатар Гурьевтің салынуы Қазақстан мен Орта Азияға экспедициялар ұйымдастыра отырып, Ресейдің Қазақстанның батыс бөлігіндегі позициясын нығайтып, әскери отарлаушылық саясат күргізуіне жол ашты. Сондай-ақ Гурьев ұлт-азаттық қозғалыстың үлкен орталығына айналды. Қазақстанда мұнайшы, балықшы жұмысшы табы пайда болып, олар революциялық қозғалысқа тартылды.

Дереккөздер

Санат:Атырау облысы тарихы