Жер қоры — мемлекеттің аумағындағы бүкіл жер құрамы. Қазақстан Республикасы “Жер туралы” (2001) заңына сәйкес жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлінеді: 1) ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалануға жарамды жерлер; 2) елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің) жері; 3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шарушылығы мақсатына арналмаған жер; 4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер; 5) орман қорының жері; 6) су қорының жері; 7) босалқы жер.
Қазақстанның “Жер туралы” заңы бойынша (1-бөлім, 1-бап) табиғи жағдайларға байланысты республика аумағындағы жер қоры орманды дала, дала, қуаң дала, шөлейт, шөл, тау етегіндегі шөлді дала, субтропикалық шөлді дала, субтропикалық тау етегіндегі шөлді дала, ортаазиялық таулы, оңтүстік-сібірлік таулы жер болып жіктеледі.Қазақ энциклопедиясы,3 томҚазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5 Тағы қараңыз Жер (территория) Мемлекеттік Жер Қоры Дереккөздер
Санат:География Санат:Жер Санат:Экология Санат:Табиғатты қорғау