Сарыөмір, Сарыөңір — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы ауыл, Шалқар ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Теректі ауылынан оңтүстікке қарай 85 км-дей жерде, Шалқар көлінің оңтүстік жағалауында орналасқан.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1224 адам (602 ер адам және 622 әйел адам) болса, 2009 жылы 1252 адамды (630 ер адам және 622 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1249 адамды (646 ер адам және 603 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Тарихы Іргесі 1936 жылы қой өсіретін ұжымшар ретінде қаланған. Оның негізінде 1997 жылы Сарыөмірде және округке қарасты Дуана, Шалқар ауылдарында 13 шаруа қожалығы құрылған.
Дереккөздер
Санат:Теректі ауданы елді мекендері