Шабақты – Талас өзені алабындағы өзен.
Географиялық орны Жамбыл облысы Сарысу ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 164 км, су жиналатын алабы 1290 км2.
Бастауы Қаратаудың солтүстік беткейіндегі бұлақтардан басталып, Ақжар көліне 15 км-дей жетпей тартылып қалады.
Гидрологиясы Аңғары Саудакент ауылына дейін таулық сипатта, тар, төменде, жазықта кеңейе түседі. Арнасы тік жарлы. Кішігірім 17 саласы бар. Қар, жер асты суларымен толығады. Көп жылдық орташа су ағымы Қыршабақты өзені сағасынан 1,0 км төменде 2,8 м3/с. Лайлылығы 200 — 600 г/м3. Суы Шабақты бойында орналасқан елді мекендердің тұрмыстық-шаруашылық қажеттілігін өтеуге жұмсалады.Қазақ энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім
Дереккөздер
Санат:Сарысу ауданы өзендері Санат:Талас су алабы