Жезде — туыстық атауы ұзатылған қыздың күйеуі оның сіңлілері мен інілеріне Жезде болады. Қазақ халқының тұрмысында Жезде мен балдыз, қайын інілер бірін-бірі қатты сыйлайды, бір-біріне қалтқысыз қамқорлық жасайды. Бұл — ежелден ұрпақтан ұрпаққа үзілмей беріліп, орнықты қалыптасқан дәстүр. Дәстүр бойынша, балдыздары Жезденің құлағынан тартып ойнайды. Балдыздың әйелі Жездеге келін болады, бірақ оның да “жезде” деп әзілдесуге хақы бар. "Қазақ Энциклопедиясы"

Дереккөздер

Санат:Туыстық Санат:Ерлер