Сәрсенбай Мүсеров (5.9.1912, Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Құркелес ауылы – 29.5.1981, Жамбыл қаласы) – қайраткер, ауыл шаруашылық(ғы) ұйымдастырушысы. Ташкент қаласындағы есеп-қисап курсын (1932), Алматы қаласындағы Коммунистік ауыл шаруашылығы мектебін (1938), Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті жанындағы 2 жылдық партия мектебін (1948) бітірген. 1934 – 36 жылдары әскер қатарында болды. 1941 – 48 жылдары Жамбыл облысы Сарысу, Луговой (қазіргі Тұрар Рысқұлов), Талас ауданы партия комитеттерінде, 1948 – 51 жылдары Гурьев (қазіргі Атырау), Жамбыл облысы партия комитетінде жауапты қызметтерде болды. 1952 – 81 жылдары Жамбыл ауданы атқару комитетінің төрағасы, Талас ауданы Бостандық кеңшарының директоры, Свердлов (қазіргі Байзақ) ауданы Кеңес ұжымшарының төрағасы қызметтерін атқарды. Мүсеров кеңес дәуірінің білгір, табанды, сөзіне берік, турашыл, ірі кесек мінезді принципшіл басшысы ретінде ел есінде қалған.Қазақ энциклопедиясы

Сілтемелер

Санат:1912 жылы туғандар Санат:Түркістан облысында туғандар Санат:1981 жылы қайтыс болғандар Санат:Жамбыл облысы тұлғалары