Құмкент ауылдық округі – Түркістан облысы Созақ ауданындағы әкімшілік бірлік.

Әкімшілік құрамы Құрамына Құмкент, Қызылкөл ауылдары кіреді. Орталығы – Құмкент ауылы.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, Х том. Округ құрамында болған Қызылқанат ауылы 2017 жылы таратылған.Созақ ауданының кейбір елді мекендерін есепті деректерден шығару туралы

+ Халқының саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары Елді мекен 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен Құмкент ауылы2063 2038 98,8 1082 1059 97,9 981 979 99,8 Қызылкөл ауылы 732 626 85,5 396 354 89,4 336 272 81 Қызылқанат ауылы538 498 92,6 274 253 92,3 264 245 92,8 Жалпы саны 3333 3162 94,9 1752 1666 95,1 1581 1496 94,6 Ауыл бөлімшелері 2 орта мектеп, 1 емхана, 1 ФАП, 1 балабақша, 2 ауылдық клуб, 2 кітапхана, 2 қазпошта бөлімшесі, байланыс бөлімшесі, телестанциясы бар. Ауыл әкімшілігі колхоздары Құмкентте 1928 жылы “Құмкент”, “Қызылқанат”, “Қызылкөл”, “Тасарық”, “Құрсай” деген колхоз ұйымдастырылған. Колхоздардың шаруашылық жұмыстарын ұйымдастырып, халықтың әл-ауқатының артуына колхоз бастықтары болған Асқанбеков Балабек, Есіркепов Жүсіпбек, Сатиев Рахыш, Жайлаубаев Байтемір, Айқожаев Бұзау, Асқаров Рахыш, Нұрлыбаев Бердібай, Балтабаев Омар, Қалдыбаев Жапан, Ақпанбетов Қуаныш, Иманбердиев Кенбай т.б. өз үлестерін қосты.

1957 жылы бірінші наурызында 5 колхоз бірігіп кеңшар (совхоз) болған. Бұл халықтың 1 жерге топтасып орнығуына, әл-ауқатының артуына көп әсерін тигізді. Кеңшар 70000-ға дейін қой өсіріп, 3000 гектарға дейін арпа, 400 гектарға дейін жүгері дақылын өсіруге қол жеткізді. 1994 жылы кеңшар таратылып, соның негізінде қазіргі уақытта бір өндірістік кооператив, бір ЖШС, 31 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Ауылдық кеңесінің төрағалары Құмкент ауылдық кеңесінің төрағалары болып Сопиев (1950-1954 жылдары), Салхауов (1954-1956 жылдары), Темірәлиев (1956-1958 жылдары), Ілегенов Сексенбай (1958-1960 жылдары), Бергенов Кенжеғұл (1960-1965 жылдары), Атенов Мелдебек (1965-1974 жылдары), Саметов Досбол (1974-1983 жылдары), Құсмашов Аманкелді (1983-1986жылдары), Айтбаев Жайлау (1986-1994 жылдары) қызмет атқарды. Құмкент ауыл әкімдері болып Айтбаев Жайлау (1994-1995 жылдары), Тілепов Исатай (1995 жылы), Төлбаев Жанәділ (1995-2004 жылдары) қызмет атқарды. 2004 жылдан бері Айдарбеков Болат ауыл әкімі болып келеді.Шолаққорған-2008 кітабі. “ЖЕБЕ” баспа үйі 2008 жыл.

Дереккөздер

Санат:Созақ ауданы ауылдық округтері