Меркі – Шу өзені алабындағы өзен.

Географиялық орны Жамбыл облысы Меркі ауданы жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 100 км, су жиналатын алабының аумағы 645 км2.

Бастауы Өзен Қырғыз Алатауының солтүстік беткейіндегі мұздықтардан басталып, Шемен ауылы тұсында Қорағаты өзеніне құяды.

Гидрологиясы Аңғары жоғарғы ағысында тар шатқалды, төменде кеңейеді. Мұздық, жауын-шашын суымен толығады. Жылдық орташа су ағымы Бейсе бейітінен жоғары 2 км жерде 3,2 м3/с. Суы егін суаруға пайдаланылады.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Этимологиясы

Дереккөздер

Санат:Меркі ауданы өзендері Санат:Шу су алабы