Айтбай Назарбеков (5.6.1922 жыл, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы Байқадам ауылы – 29.3.1993 жыл, Алматы қ.) – қоғам қайраткері. Өмірбаяны Ысты руынан шыққан. Қапланбек ауыл шаруашылық техникумын (1941) Алматы Жоғары партия мектебін (1956) бітірген. 1941 – 45 ж. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысты. 1946 – 56 ж. Сарысу ауданы атқару к-тінің хатшысы 1956 – 61 ж. Жамбыл ауданы атқару комитетінің төрағасы 1961 – 63 ж. Көктерек ауданы партия комитетінің бірінші хатшысы 1963 – 65 ж. Шу ауданы атқару комитетінің төрағасы 1965 – 83 ж. Мойынқұм ауданы партия комитетінің бірінші хатшысы. Ол Мойынқұм ауданын басқарған жылдары қаракөл қойының саны мейлінше көбейіп, жүгеріден, бау-бақша мен көкөніс түрлерінен аса жоғары өнімдер алуға қол жетісті.

Қоғамдық қызметі Ол 8 – 9 шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Марапаттары "Ленин" "Еңбек Қызыл Ту" "Қызыл Ту" орденімен медальдармен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.Қазақ энциклопедиясы.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Той үстіндегі әңгіме

Санат:5 маусымда туғандар Санат:1922 жылы туғандар Санат:Саудакентте туғандар Санат:29 наурызда қайтыс болғандар Санат:1993 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары Санат:Сарысу аудандық атқару комитетінің төрағалары Санат:Жуалы аудандық атқару комитетінің төрағалары Санат:Қазақстан КП Көктерек аудандық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Шу аудандық атқару комитетінің төрағалары Санат:Қазақстан КП Мойынқұм аудандық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Қызыл Ту орденінің иегерлері Санат:Қапланбек ауыл шаруашылық техникумы түлектері Санат:Қазақстан КП ОК жанындағы Жоғарғы партия мектебі түлектері Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 8-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 9-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасының иегерлері