Қамыс-Самар көлдері – Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы аумағындағы су айдындары. Теңіз деңгейінен 6 м төмен жатыр.

Гидрографикасы Бірнеше көлдерден тұратын Қамыс-Самар көлдерінің жалпы аумағы 8 км2-ге жуық. Ірі көлінің аумағы 5,17 км2, ұзындығы 7 км, енді жері 1,6 км, жағалау бойының ұзындығы 43,3 км. Көлдерге Қараөзен өзенінің оң саласы құяды.

Жағалау сипаты Пішіні күрделі, жағалауы жайпақ келген. Алабының бозғылт қоңыр топырағында қамыс, құрақ аралас шабындық шөптесіндер өседі.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:Жаңақала ауданы көлдері