thumb|Ectopistes migratorius
Кезеген кептер () — мойны ұзын, басы кішкентай, тұмсығы жіңішке және түзу, аяқтары қыпқызыл, денесінің ұзындығы 40 см келетін кептер. Осыдан 100-150 жыл бұрын Американың жерінде көп болған. Бір жерден екінші жерге топтанып (жүздеп, мыңдап) ұшып жүрген. Кезеген кептер сағатына 90 км-ден астам жер ұшатын болған. Тым жемір құс: қылғынып жатса да грек жаңғағы мен шошқа жаңғақтарды зорлап жұтып жібереді. Қолға жақсы үйренген. Осы кезде кезеген кептерден тұқым қалған жоқ: тиісті мәліметтерге қарағанда соңғы кезеген кептер 1915 жылы өлген.
Дереккөздер Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев
Санат:Кептертәрізділер