Атрибут () - бір нәрсенің ерекше белгісі, тұрақты қасиеті, заттың бөлінбес бөлшегі.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ISBN 9965-808-89-9

1) тағайындалатын немесе алынып тасталатын айрықша сипаттамасы (file attribute). Стандартты атрибуттар: тек қана оқылатын, жасырын, жүйелік және архивтік файлдар; 2) НТМL түріндегі гипермәтіндік құжаттың белгілеріндегі (tag) қосымша ақпарат, ол белгілер арқылы жасалған құрауышты анықтайды; 3) символдарды шығару тәсілін анықтайтын мәліметтер (character attribute); 4) кез келген объектіні сипаттайтын оның негізгі параметрлері: файл аты, типі, көлемі, жазылған мерзімі; сызықтың қалыңдығы, түсі; мәліметтер базасының өріс ұзындығы, және т.б.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5 Дереккөздер

Санат:Ақпараттану Санат:Компьютерлік техника Санат:Ғылым Санат:Саясат әлеуметтануы