Климаттық факторлар - жер бетіндегі геофизикалық немесе биологиялық процестерге және адамның шаруашылық іс-қимылына әсер ететін климаттың элементтері (мысалы, ауаның қысымы мен температурасы, жауын-шашын мөлшері, желдің жылдамдығы, т.б.); климат түзілу себептері мен жағдайлары, мысалы, Күн радиациясы, атмосфераның жалпы циркуляциясы, жер бетінің сипаты, географиялық ендік, теңіз деңгейінен биіктік, орография, мұз режімі, қар және өсімдік жамылғылары, мұхит ағыстары, мұхиттан алыстығы.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
Дереккөздер
Санат:Климатология