Тұрлығұл – Батыс Үстірт кемерінің шығысындағы төбе.
Географиялық орны Маңғыстау ауданында, Өтес – Бейнеу бойында орналасқан. Ойпаңды жерде орналасқан төбенің оңтүстік-шығысында өзімен аттас сор жатыр. Солтүстік-шығысында тереңдігі 16 м, су шығымы 350 л/сек болатын құдық бар.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 152 м, салыстырмалы биіктігі 27 м. Төбе беткейі мен жазығында шөлге тән өсімдіктер өскен.«Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары», Алматы, 2006;
Дереккөздер
Санат:Маңғыстау ауданы таулары Санат:Төбелер