Десанттық ұрыс машинасы — әуе-десант әскерлерінің парашют тәсілімен десантталатын сауытты шынжыр табанды жүзбелі машинасы ұрысқа тағайындалуыла және мүмкіндіктеріне, құрастырылуына, қаружарағына, салмағына, жабдықталуына қарай десанттық ұрыс машинасы жаяу әскер ұрыс машинасына ұқсас.
Десанттық-түсіру құралдары Жабдықталмаған жағалауларға десанттық кемелермен десаштың жеке құрамын жеткізу мен түсіруге, әскери техника мен оқ-дәрілер және т.б. жеткізуге арналған кәліктік құралдар (катерлер, плашкоутар, тікұшақтар, ауа кауакты кемелер). Десанттық-түсіру құралдары док камерамен, тиісінше жүк көтеру құрылғыларымен жабдықталған кемелерімен және ұшу-кону алаңымен жабдықталған тікұшақтар аркылы тасымалданады. Жүк көтергіштігі 40-50 тоннаға дейін.
Десанттық-шабуылдаушы құрылым Көптеген мемлекеттердің қарулы күштерінде десанттық-шабуылдау әуе-шабуыл әдісімен жауынгерлік тапсырмаларды орындау міндеттелген құрылым. 20 ғасырдың 60 жылдарының екінші жартысында пайда болған.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл
Дереккөздер
Санат:Әскери іс