Бәйтерек ауданы — Батыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігіндегі әкімшілік бөлініс.

Географиялық орны, жер бедері Аудан облыстың солтүстік бөлігінде орналасқан, 1939 жылы құрылды, 1997 жылы аудан құрамына Приурал ауданы енді. Аумақ бедері оңтүстігінде өзен, сайлар және құрғақ аңғарлар кесіп өтетін және солтүстігінде 100 және одан аса метр биіктікті құрайтын толқынды жондары бар (Үлкен Сырт сілемінің суайрығы) ойпатты жазықтан тұрады. Орталығы – Перемётное ауылы. Ауданның жалпы көлемі - 7,4 мың шаршы шақырым. Солтүстігінде Ресеймен, батысында Тасқала, оңтүстігінде Ақжайық аудандарымен, оңтүстік-шығысында Теректі ауданымен және Орал қаласымен шектеседі.

Халқы 1959 1970 1979 1989Ресей империясы, КСРО халық санақтары 1999 2009ҚР халық санақтары 2021 25806 30850 30897 26563 56611 55420 59447 Тұрғындар саны 57762 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (58,71%), орыстар (34,88%), украиндар (1,91%), татарлар (1,48%), басқалары (3,02%).Батыс Қазақстан облысының Статистика департаменті. 01.07.2019

2020 жылдың басында тұрғындар саны 58595 адамды (29245 ер адам және 29350 әйел адам) құрады.Қазақстан Республикасы халқының облыстар және астана, қалалар, аудандар, аудан орталықтары және кенттер бөлінісіндегі жынысы бойынша саны (2020 жылдың басына)

Әкімшілік бөлінісі Аудандағы 68 елді мекен 22 ауылдық округке біріктірілген: Әкімшілік бірлік Орталығы Елді мекендері Халқы (2021) Атамекен ауылдық округі Атамекен ауылы 3 1559 Байқоныс ауылдық округі Байқоныс ауылы 4 6596 Бейбітшілік ауылдық округі Бейбітшілік ауылы 4 1071 Белес ауылдық округі Белес ауылы 2 1711 Дариян ауылдық округі Дарьинское ауылы 2 6283 Достық ауылдық округі Достық ауылы 3 5132 Егіндібұлақ ауылдық округі Егіндібұлақ ауылы 2 514 Зелёнов ауылдық округі Зелёное ауылы 1 1381 Көшім ауылдық округі Үлкен Шаған ауылы 6 4040 Құрманғазы ауылдық округі Құрманғазы ауылы 2 470 Макаров ауылдық округі Макарово ауылы 4 1697 Махамбет ауылдық округі Махамбет ауылы 4 2491 Мичурин ауылдық округі Мичуринское ауылы 5 9718 Перемётный ауылдық округі Перемётное ауылы 6 6925 Раздольный ауылдық округі Раздольное ауылы 2 566 Рубёжин ауылдық округі Рубёжинское ауылы 1 1482 Сұлу көл ауылдық округі Сұлу көл ауылы 1 448 Чиров ауылдық округі Чирово ауылы 2 377 Шалғай ауылдық округі Шалғай ауылы 3 767 Щапов ауылдық округі Щапов ауылы 2 2051 Янайкин ауылдық округі Янайкино ауылы 2 1031 Январцев ауылдық округі Январцев ауылы 6 2156

Ірі елді мекендері Атауы Статусы Халқы (2021) Мичуринское ауыл 6219 Дарьинское ауыл 5701 Достық (Фурманово) ауыл 4471 Перемётное ауыл 4340 Байқоныс ауыл 3563 Махамбет (Чапово) ауыл 2206 Асан (Набережное) ауыл 2199 Калининское ауыл 1913 Щапов ауыл 1723 Белес (Ростоши) ауыл 1582 Үлкен Шаған ауыл 1503 Рубёжинское ауыл 1482 Көшім ауыл 1475 Новенькое ауыл 1383 Зелёное ауыл 1381 Январцев ауыл 1136 Володарское ауыл 1121 Атамекен (Железново) ауыл 882 Янайкино ауыл 871 Бейбітшілік (Погодаево) ауыл 869 Макарово ауыл 765 Шалғай (Первосоветское) ауыл 689 Қайнар (Новенький) ауыл 649 Чувашинское ауыл 596 Озёрное ауыл 582 Жайық ауыл 529 Колесово ауыл 525 Жамбыл ауыл 506

Су жүйесі, топырағы Ауданның негізгі табиғи су ресурстары Шаған саласымен (116 км) Орал өзені (184 км), Көшім (48км), Ембулатовка (99 км) Рубежка (82 км), Быковка (90 км) және сондай-ақ Киров бөгені мен Орал-Көшім суландыру жүйесі және негізінен ауданның солтүстік бөлігінде орналасқан 99 әуіт пен апандар болып табылады. Топырағы саз бен саздақтан тұрады, кей жерлерінде құм және сор топырақ кездеседі. Солтүстігінде жері қара топырақты.

Шаруашылығы Шаруашылықтағы негізгі бағыт - егін шаруашылығы. Егін шаруашылығымен қатар, негізінен ет-сүт бағытындағы мал шарушалығы дамыған.

Бәйтерек ауданы I ауылшарушылық аумаққа жатады. Бұл аумақта дәнді, майлы дақылдар, жемшөптер, қартоп және көкөніс, жеміс-жидек, екпе ағаштары жинақталған. Мұнда сүтті мал шаруашылығы, шошқа және құс өсіру және ет-жүнді қой шаруашылығы жақсы дамыған.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том 3 бөлім

Дереккөздер

Санат:Бәйтерек ауданы