Қуыс — окоп түбінде, орда немесе байланыс жолында орнатылатын, 1-2 адам демалуға, қару, оқ-дәрілер, азық-түлік пен су қоюға арналған ойық. Қуыс мынадай есеппен жасалады: оның үсті 0,6 м-ден кем емес қорғаныс мақсатындағы қалың топырақ қабатымен бүркелуі керек. Қуыстың өлшемі әдетте 1,0 х 1,0 х 1,0 м. Оған кіретін жол қарсыластарға қарсы бетте болуы керек. Топырақ әлсіз болған жағдайда тақтайлар, сырғауылдар мен қолдағы бар материалдармен жабылады. Ядролық жарылыс залалынан сақтау үшін қуысты ағаш қалқалармен жабады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Дереккөздер
Санат:Әскери іс