right|thumb Имекдән () – қияқөлеңдер тұқымдасына көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Негізінен Американың тропиктік және субтропиктік белдеулерінде кездесетін 200-дей түрі белгілі. Қазақстанда мүк басқан шымтезекті батпақты жерлерде өсетін 1 түрі – ақ имекдән (Rhynchospora alba) бар. Оның биіктігі 15 – 40 см, бұтақтанған қысқа тамырлары бос шым түзеді. Сабағы жіңішке, үш қырлы. Жапырақтары ұзын, жіңішке. Гүлдері ақ түсті, қос жынысты, аз гүлді масақ гүлшоғырына топталған. Шілде – тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – үш жағына қарай үшкірленіп келген жаңғақша, ұзындығы 1 мм-дей, түп жағы қоңыр болады.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Сыртқы сілтеме Очеретник белый - Rhynchospora alba - Описание таксона - Плантариум
Санат:Қияқөлеңдер