Ертаев Жомарт Жәдігерұлы (28 тамыз 1972 жыл Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылы) - «Альянс Банк» АҚ Басқарма төрағасы. Дулат тайпасы Сиқым руынан шыққан.
1994 ж. ҚазМАҚА-ны бітірген, экономист; 1995 ж. Банктік оқыту орталығын бітірген, қазынашы. 1994-95 жж. - «Атакент» Қазақ іскерлік ынтымақтастық орталығы» АҚ қаржы мәселелері жөніндегі кеңесшісі, қаржы экономика департаментінің маманы. 1995-96 жж. - «Апьфа-Банк» ЕАБ ақпараттық-талдау басқармасының бастығы, Басқарма төрағасының міндетін атқарушы, Басқарма төрағасының орынбасары. 1996 ж. - Орталық Азия қаржыинвестициялық компаниясының басқарушысы. 1996-97 жж. - «Семей Қалалық Акционерлік Банкі» ААҚ Басқарма төрағасының орынбасары. 1997-98 жж. - «Семей Қалалық Акционерлік Банкі» ААҚ филиалының директоры (Алматы қаласы). 1998-2001 жж. - «Сөмей Қалалық Акционерлік Банкі» ААҚ филиалының директоры (Астана қаласы). 2001 ж. - «ИртышБизнесБанк» ААҚ атқарушы директоры («Семей Қалалық Акционерлік Банкі» «ИртышБизнесБанк» болып қайта құрылған соң). 2001-02 жж. - «Сеймар» ААҚ Басқарма төрағасы. 2002 ж. - «ИртышБизнесБанк» ААҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы. 2002 жылдан - «Альянс Банк» АҚ Басқарма төрағасы («ИртышБизнесБанк» «Альянс Банк» болып қайта құрылған соң).Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X
Дереккөздер
Санат:28 тамызда туғандар Санат:1972 жылы туғандар Санат:Жамбыл ауданында (Алматы облысы) туғандар Санат:Қазақстан банкирлері