Сәуле Сыздыққызы Бапанова (12.03.1956 жыл, Қызылорда облысы Шиелі ауданы «Үлгілі» кеңшарында туған) - суретші. Қазақ. Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры. ҚР Көркемөнер академиясының толық мүшесі. Көптеген гобелендік полотнолардың авторы.
Білімі Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін (1976); С.Г. Строганов атындағы Мәскеу жоғары көркемөнер өнеркәсібі училищесінің көркем тоқыма бөлімін (1981) бітірген.
Шығармалары Соңғы еңбектері: «Сарыарқа» (2004) «Жер жаннаты» (2006, жүн, қолмен тоқу) «Көшпелі бақ» (2006) киіз киімдерінің топтамасы (2008) «Көкке таңырқау» (2007) «Түнгі мерген» (2007) «Тағдыр тоқуы» (2007) «Салт атты әйел» (2007) «Ғасырлар биі» (2009) «Көк бөрі (Қасқыр ана)» (2010).
Көрмелерге қатысуы Польшада (Азия және Тынық мұхит мұражайы, Варшава қаласы, 1993); I Халықаралық симпозиумда (Түркия, 1996); Мемлекеттік шығыс халықтары бейнелеу өнері мұражайында (Ресей, 1996); Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында (1996); Германияда (ҚР суретшілөр тобының Германиядағы көрмесі, Майндағы-Франкфурт қаласы, Бонн қаласы, 1997); ҚР Орталық өнер мұражайында (Алматы қаласы, 1997); «Шартарапты шарлау» («Тәңірі-Ұмай» галереясы, Алматы қаласы, 1999) жеке көрмелерін өткізген.
Жұмыстары көптеген республикалық, халықаралық симпозиумдар мен көрмелерде ұсынылған: Бүкілодақтық «Сенеж» шығармашылық тобы (Ресей, 1986); Халықаралық көрме (Канн қ., Франция, 1989); «Көркем тоқыма-1989» халықаралық байқауы (Рига қ., Латвия); Этнография мұражайындағы көрме (Польша, 1994); Халықаралық кілем өнімдері байқауы (Түркия, 1995); Халықаралық ислам өлдері өнерінің фестивалі (Тегеран қ., 1995) Халықаралық «Киіз-98» симпозиумы (Вильнюс қ., Литва, 1998); Халықаралық симпозиум (Дания, 1998) және басқалар.
Жүмыстары Қазақстан, Ресей, Украина, Польша, Дания, Испания мұражайларында, сондай-ақ Қазақстан, Франция, Америка, Лихтенштейн, Түркия, Германия, Швеция, Швейцариядағы жекеменшік коллекцияларында сақталуда.
Қоғамдық қызметі 1981 жылдан бері - Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы. ҚР Суретшілер одағының мүшесі (1981 жылдан). ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық суретшілер қауымдастығының мүшесі (2002 жылдан).
Марапаттары «Платина Тарлан» сыйлығының лауреаты. ҚР Мәдениет министрлігі құрмет грамотасымен марапатталған. Халықаралық, республикалық конкурстар және фестивальдер дипломдарының иегері. Мәдениет қайраткері.
Отбасы Әкесі - Нұркеев Сыздық. Анасы - Башарова Айдан. Тұрмыста. Жұбайы - Бапанов Әлібай Қалтайұлы - суретші. Ұлы - Бапанов Агин, маркетолог; қызы - Бапанова Ая,студент.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:12 наурызда туғандар Санат:1956 жылы туғандар Санат:Шиелі ауданында туғандар Санат:Қазақстан суретшілері Санат:Алматы сәндік және қолданбалы өнер колледжі түлектері Санат:Мәскеу жоғары көркемөнер өнеркәсібі училищесі түлектері Санат:Қазақ ұлттық өнер академиясының профессорлары Санат:Қазақстан көркемөнер академиясының академиктері Санат:Қазақ ұлттық өнер академиясы оқытушылары Санат:Тарлан сыйлығының иегерлері Санат:Қазақстан мәдениет қайраткерлері