Гран мұнай кен орны — Каспий маңы ойпатының оңтүстік бөлігінде, Атырау облысы Атырау қаласынан батысқа қарай 90 км жерде орналасқан. Кенді барлау-бұрғылау жұмыстары 1962 жылы басталып, кен орны 1969 жылы ашылды.
Геологиялық құрылымы Кен орны қос қанатты күмбезді құрылымнан түзілген, төменгі бор және ортаңғы юра шөгінділері мұнайлы болып саналады. Мұндағы алты мұнайлы горизонттың біреуі төменгі борда, қалғандары ортаңғы юра қабатында орналасқан. Горизонттардың орналасу тереңдігі 172-644 м.
Құрамы Мұнайдың құрамында 1,24 – 0,45% күкірт, 0,75 – 3,04% парафин, 4,95% силикагель шайырлары кездеседі. Кен 1973 жылы пайдалануға берілген.
Санат:Қазақстан мұнай кен орындары Санат:Атырау облысы кен орындары