Қоныс мұнай-газ конденсат кен орны — Қызылорда облысы Сырдария ауданында, Тереңөзек кентінен солтүстікке қарай 140 километр, Қызылорда қаласынан солтүстік-батысқа қарай 150 километр жерде. 1986–1988 жылдары сейсмиккалық барлау әдісімен табылып, 1990 жылы ашылған.

Геологиялық құрылымы Құрылымдық жағынан екі күмбезді (оңтүстік және солтүстік) субмеридианды брахиантиклиналь, ал литология жағынан кен орны құмтастар мен алевролитті болып келеді.

Жатыс сипаты Мұнай қабатының жалпы биіктігі 30 м, газ қабатының биіктігі 45 м Тиімді және мұнай қаныққан қабаттық қалыңдығы 32,2 м, газ қаныққан қабаттың қалыңдығы 25 м. Мұнай қаныққан коэффициенті 0,68, газ қаныққан коэффициенті 0,65. Қанығу қысымы 9,58 МПа. Коллекторы терригенді, кеуекті, ашық кеуекті 19,6%, өткізгіштігі 0,015 микрометр.

Құрамы Мұнайы жеңіл, тығыздығы 0,83 г/см3, күкірті аз 0,16 – 0,19%, парафині 12 – 15%, шайыры 9,3 – 10,72%. Бастапқы қабаттық қысым 11,2 – 11,35 МПа, температурасы 56°. 7 милиметр штуцердегі тәуліктік өнімділігі 70,1 – 72,7 м3.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мұнай кен орындары Санат:Қызылорда облысы кен орындары Санат:1990 жылы пайда болғандар