Талғат Қалдыбайұлы Үсенов 1965 жылы 6 желтоқсанда Шымкент қаласында туған. Жеке басты мағлұмат Әкесі - Үсенов Қалдыбай Үсенұлы, зейнеткер, «Мұнайөнімдерімемком» терағасының орынбасары болған. Анасы - Үсенова Раушан Қаратайқызы, зейнеткер, қалалық статистикалық басқарманың қызметкері болған.Әскери атағы - сержант. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Кеңестіктен кейінгі кеңістіктегі тұрақты экономикасы мен дамыған инфрақұрылымы бар көшбасшы мемлекеттердің бірі» Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - В.В. Путин. Хоббиі - балық аулау, аңшылық, белсенді туризм. Сүйіп оқитын әдебиеті - тарих, детективтер және бизнес әдебиеті. Үйленген. Жұбайы - Үсенова Сәлима Сейітқазықызы (1971 ж.т.),жекекәсіпкер.¥лы-ҮсеновЕрболат (1991 ж.т қызы - Үсенова Дана (2000 ж. т.). Білімі Мәскеу жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтын (1992) «Тамақ өнеркәсібінің машиналары мен аппараттары» мамандығы бойынша; Қазақ мемлекеттік заң университетін (2000), «Құқықтану» мамандығы бойынша; Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін (2003) «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген. Қазақ, орыс, ағылшын және неміс (ауызекі) тілдерін біледі. Жұмысы 1984 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1987-1992 жылдары - Мәскеу жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтының студенті. 1993 жылдың қазанынан - Қазақстандағы «LIоуd's» агенттігінің авариялық комиссары. 1997 жылдың шілде айынан - «Қазкоммерцполис» СК» ЖАҚ авариялық комиссары. 1998 жылдың маусым айынан - «Алматы халықаралық сақтандыру тобы» БК» ЖАҚ атқарушы директоры. 1999 жылдың тамыз айынан - «Қазкоммерцполис» СК» ААҚ қайта сақтандыру департаментінің директоры және басқармасының мүшесі 2003 жылдың маусым айынан - «Қазкоммерцполис" СҚ ААҚ басқармасы терағасының орынбасары. 2004 жылдың шілде айынан 2005 жылдың ақпан айына дейін - «Қазақ шетелсақтандыру» АҚ басқармасының терағасы. 2005 жылдыңсәуірайынанбері-«СентрасИншуранс"« СҚ АҚ басқармасының терағасы. Сақтандырушылардың Корольдік институтының тұрақты мүшесі (Лондон қ.).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:Экономика Санат:Тұлғалар Санат:1965 жылы туғандар