Болат Далдайұлы Елеманов (29 қараша 1950 жыл, Қарасу кенті, Қарасу ауданы, Қостанай облысы) — қазақстандық мұнайшы, техника ғылымдарының докторы (2003).
Өмірбаяны В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын тау-кен инженері мамандығы бойынша (1973) бітірген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша (1998) бітірген. 1973 жылдан — «Ембімұнай» ӨБ Орталық ғылыми-зерттеу зертханасының инженері, аға инженері, 1975 жылдан — инженер-технологі. 1976 жылдан — «Жайықмұнай» МГБ ауысым бастығы, аға технологі. 1979 жылдан — «Құлсары мұнай» МГӨБ бастығының орынбасары. 1985 жылдан — «Теңізмұнай» МГӨБ бастығы. 1988 жылдан — Қазақстан Компартиясы Ембі аудандық комитетінің бірінші хатшысы. 1991 жылдан — «Қазақстанмұнайгаз» корпорациясының президенті. 1994 жылдан — ҚР мұнай және газ өнеркәсібі министрінің бірінші орынбасары. 1995 жылдан — ҚР Министрлер кабинеті жанындағы Шетелдік капиталды пайдалану жөніндегі комитеттің терағасы. 1997 жылдан — ҚР Экономика, индустрия жене сауда министрлігінің Мұнай және газ департаментінің директоры. 1998 жылдан — Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің директоры. 2001 жылдан — Энергетика және минералды ресурстар министрінің бірінші орынбасары. 2002 жылдан — «Азимут Энерджи Сервисез» АҚ басқармасының төрағасы. 2005 жылдан бері — «Азимут энерджи Сервисез» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.
Ғылыми еңбектері Техника ғылымдарының докторы (2003). Докторлық диссертациясыныңтақырыбы: «Мүжілген және тұзды-парафин шөгінділерімен күрделіленген мұнай кен орындарын зерттеу мәселелері».
Марапаттары Құрмет ордені ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. ҚР жер қойнауының Құрметті барлаушысы.
Отбасы Үйленген. Жұбайы — Ахметова Дина Назарқызы.
Дереккөздер
Санат:29 қарашада туғандар Санат:1950 жылы туғандар Санат:Қарасу ауданында туғандар Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті түлектері Санат:Техника ғылымдарының докторлары Санат:Ембімұнайгаз тұлғалары Санат:Жайықмұнай тұлғалары Санат:Құлсары мұнай тұлғалары Санат:Теңізмұнай тұлғалары Санат:Қазақстан КП Ембі аудандық комитетінің бірінші хатшылары Санат:ҚазМұнайГаз президенттері Санат:Қазақстан вице-министрлері Санат:Құрмет орденінің иегерлері Санат:Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Қазақстан жер қойнауының құрметті барлаушылары Санат:Қазақ мемлекеттік басқару академиясы түлектері