Айдахо (, ; Айдахоу) — тынық мұхиттық Солтүстік-Батыстағы Таулы штаттар тобына жататын АҚШ штаты. Штаттың ең үлкен қаласы және астанасы — Бойсе. Басқа штаттармен салыстырғанда жер көлемі жөнінен 14-ші, ал тұрғыны жөнінен 40-шы орында. Штат мәртебесін 43-ші ретпен 1890 жылы 3 шілдеде иеленді. Штаттың ресми лақап аты: «Гауһарлы Штат» (), табиғи ресурстарының молшылығына байланысты қойылған. Штат ұраны: «Әрқашан болады» ().
Топонимикасы Тарихшылар арасында штаттың атауына байланысты ортақ пікір жоқ. Бірақ та бұған байланысты бірнеше болжамдар бар, соның бірі: 1860 жылы лоббист Джордж Уиллинг (George M. Willing) жаңа жерді «Айдахо» деп атауды АҚШ Конгресіне ұсынды. Оның айтуы бойынша, бұл сөз шошондар тайпасының тілінде «таулы гауһар» дегенді білдіреді (). Дегенмен, Конгресте Уиллингтің дәлелдеріне күмәнданды, және жаңа жерге «Колорадо» деген атау берілді. Алайда 1859 жылы Колорадоның бір қаласы Айдахо деп аталған болатын (1866 жылдан бастап - Айдахо-Спрингс). Бірақ кей жерде Уиллинг бұл сөздің ойдан шығарылғаны жөнінде мойындады делінеді.
Басқа болжамға сәйкес «айдахо» (бастапқыда («и-да́-хоу») сөзі шошондар тілінде «Күн шығады» дегенді білдірген; сонымен бiрге бұл сөз арапахо тайпасының да тiлiнен болуы мүмкін. Үшінші болжам бойынша «айдахо» («ídaahę́») сөзі «жау» дегенді білдіреді, яғни атабасктар тайпасы команчтар тайпасын осылай атаған.
1860 жылы 9 маусымда Колумбия өзенінің бойымен бу кемесі жіберілді, ол «Айдахо» () деп аталды. 1861 жылы соның құрметіне жаңа құрылған округке Айдахо атауы берілді. 1863 жылы Вашингтон аумағынан жаңа аумақ бөлініп шықты (Айдахо округімен аттас). Және 1890 жылы Айдахо штат мәртебесін иеленді.
Тарихы 200px|thumb|left|Орегон жері, 1818-1846 жж. Айдахо жерінде алғашқы адамдар палеоүнділер, б. з. д. XIII мыңжылдықта пайда болған деген мәліметтер кездеседі. Үнді тайпалары бірнеше мәдени аумақтарға бөлінген. Солардың ішінен өте ірі тайпалары - не-персе және пайюттар. Еуропалықтардың келуіне дейін Айдахода 8 мыңдай адам мекен еткен.
Айдахо жеріне аяқ басқан алғашқы ақ адамдар Льюис және Кларк экспедициясының мүшелері болды. Бұл экспедиция 1805 жылы 12 тамызда өткен. Келесі жылдары Айдахо қамбат аң терісімен айналысатын компаниялардың трапперлерімен белсене зерттеле бастада. Сонымен қоса АҚШ пен Ұлыбритания арасында Айдахо жері үшін аймақтық даулар болды. Нәтижесінде 1846 жылы 15 маусымда Орегон келісімі бекітіліп, Орегон жері АҚШ-қа өтті.
1850—1860 жылдары Айдахо аумағынан алтынның бай қоры табылды, бұл алтын іздеушілердің көптеп келіуіне алып келді. Сонымен қоса алғашқы қалалар пайда бола бастады. 1890 жылы 3 шілдеде Айдахо 43-ші ретпен штат статусын иеленді. Қазіргі таңда штаттың ең басты өнеркәсіп салалары - тау-кен өндірісі, ауыл шаруашылығы және ғылыми-техникалық секторлар.
Географиясы thumb|right|300px|Айдахо картасы Штаттың ауданы құрайды (). Бұл көрсеткіш бойынша басқа штаттармен салыстырғанда 14-ші орында. Су бетінің жиынтық ауданы (), яғни 0,98 %. Штаттың оңтүстігінен солтүстігіне дейінгі ұзындығы 164 және 479 мильді құрайды немесе 264 және 771 км, сәйкесінше ең қысқа және ең ұзын бөліктерінде. Штаттың шығысынан батысына дейінгі ұзындығы 45 мильден 305 мильге дейін немесе 72 км-ден 491 км-ге дейін, сәйкесінше ең тар және ең кең бөліктерінде.
Айдахо оңтүстігінде Юта және Невада штаттарымен, солтүстігінде — Британдық Колумбия канадалық провинциясымен, шығысында — Вайоминг штатымен және Биттеррут жотасын бойлай Монтана штатымен шектеседі. Ал батысында Орегон және Вашингтон штаттарымен шектеседі. Осылайша Айдахо штаты басқа алты штаттармен және бір канадалық провинциямен шектесіп жатыр.
Айдахо континенттiк су айырықтың батысында орналасқан. Штаттың 8 ірі геологиялық аймағы бар. Ең ескілерінің жасы 1 400 миллион жылды құрайды, ал жаңаларының жас шамасы — 16-17 миллион жыл. Штаттың жері көбіне таулы болып келеді. Батысынан шағасына дейін Снейк өзен аңғары созылып жатыр. Аңғарда орналасқан штаттың ірі қалалары: Нампа, Колдуэлл, Айдахо-Фолс, Покателло т. б., соның ішінде қазіргі астанасы — Бойсе.
Айдахо штатында бірнеше кеме жүзетін өзендер бар, соның ішінде Снейк өзені. Штатта 2 мыңдай көл бар деп саналады. Ең ірі көлі — Панд-Орей. Оның аумағы 180 шаршы миль (466 км²).
Айдахоның ең биік нүктесі — Бора-Пик (). Ол Лост-Ривер өзен аңғарында орналасқан. Ең төмен нүктесі (216 м) Льюистон қаласындағы Клируотер және Снейк өзендерінің қиылысында орналасқан.
Көрші штаттар Солтүстік-батыс: Солтүстік: (Канада) Солтүстік-шығыс: Батыс: 50px Шығыс: Оңтүстік-батыс Оңтүстік: Оңтүстік-шығыс:
Суреттері 200px 200px 200px 200px Кларкия шөгінділерінен қазып алынған өсімдік жапырақтары Жеті шайтан таулары Овайхи өзенінің каньоны Снейк өзені Снейк өзен аңғары
Климаты 250px|right|thumb|Сент-Мериз өзені, сәуір айы Штат өзінің бірқалыпсыз климатымен ерекшеленеді. Тынық мұхитынан 500 км-ге қарамастан, Айдахоның климатына батыстан келетін ауа ағындары (атмосфералық ылғалдың негізгі көзі) ықпал етеді. Жазды күндері ауа массалары Мексика шығанағы мен Кариб теңізінен айтарлықтай ылғал алып келеді.
Қысты күндері бұлттылықтың, ылғалдың және температураның орташа көрсеткіштері АҚШ-тың басқа бөліктеріне қарағанда жоғары болып келеді. Жалпы Айдахоның климаты қоңыржай климатты, оңтүстігіне қарай климаты құрғақ. Дауыл және құйындар өте сирек болады.
Флора және фаунасы 150px|left|thumb|Айдахо ақ қарағайыА. Д. Букштынов, Б. И. Грошев, Г. В. Крылов. Леса (Природа мира). М.: Мысль, 1981 (), Айдахо штатының белгілерінің бірі 140px|right|thumb|Айдахо боршатышқаны
Штаттың аумағында 10 биомдар кездеседі және 3 мыңға жуық байырғы өсімдіктер өседі, соның ішінде ағаштың 20 түрі. Ылғалға бай өзен жағалауларында Батыс Тсугасы (), Қатпарлы Туя () және Қылшықты Терек () өседі; құрғақ жерлерінде Сары қарағай () және Мензис Псеудотсугасы () өседі.
Штаттың таулы аймақтарында Ақ қабықты қарағай () және Тау Тсугсы () өседі.
Айдахо штатында мекендейтін сүтқоректілер: Вапити ( subspp.), Бұлан (), Аққұйрықты бұғы (), Қарақұйрықты бұғы (), Ашамүйізді киік (), Сабау қой (), Қар ешкісі (), Барибал (), Пума (), ірілері: Канада құндыздары (), Шалғын қасқыры (), Түлкі (), Ондатр (), Күзендер (), Солтүстік Америкалық кәмшат (), Америкалық борсық (), Солтүстік қалталы егеуқұйрық (), Америкалық күзен (), Жанаттар (), Америкалық сусарлар ().
Айдахо аумағында үнемі ұя салатын тұқымдастарға Қырғауылдар тұқымдастары () Қаршыға тұқымдастары (), Сұңқарлар тұқымдастары (), Жапалақ тұқымдастары () т.б. жатады.
Сирек және жойылып бара жатқан түрлер
Омыртқалылар
Сүтқоректілер (Mammalia)
Балықтар (Pisces) (Снейк өзені) (Кутеней өзені)
(Снейк өзені) (Снейк өзені)
Омыртқасыздар (Invertebrata)
Өсімдіктер (Plantae)
Тұрғыны thumb|220px|right|Айдахо халқының тығыздығы
2010 жылы Айдахо штатының тұрғындар саны 1 567 582 адамды құрады, алдыңғы жылмен салыстырғанда 21 781 адамға (1.4 %) және 2000 жылмен салыстырғанды 273 629 адамға (21,1 %) өсті. Басқа штаттармен салыстырғанда бұл көрсеткіш бойынша 40-шы орында.
2010 жылы Айдахо штаты 2000-2010 жылдар аралығындағы тұрғынның өсу деңгейі бойынша төртінші орын алды. Айдаходан жоғарырақ көрсеткіштерге ие болған Невада (35,1 %), Техас (21,7 %) және Калифорния (10 %) штаттары. Ал 2004-2005 жылдар аралығындағы көрсеткіштер бойынша Невада мен Аризона штаттарынан кейін 3-ші орында болған.
Тұрындарының жартысына жуығы қалада тұрады. Этникалық құрамы (2000 жылғы деректер бойынша): немістер — 18,8 %, ағылшындар — 18,1 %, ирландықтар — 10 %, байырғы американдықтар — 8,1 %, мексикалықтар — 5,5 %.
Штаттың тұрғындар санының динамикасы төменде келтiрiлген.
Ірі қалалары Тұрғын саны 10 мыңнан асатын қалалар1 шілде 2009 жылғы деректер бойынша Бойсе 205,7 Пост-Фолс 26,9
Нампа 81,2 Москоу 24,3
Меридиан 68,5 Игл 19,7
Айдахо-Фолс 55,3 Аммон 13,9
Покателло 55,0 Куна 13,9
Кёр-д’Ален 43,8 Хейден 13,2
Колдуэлл 43,3 Чаббак 12,5
Туин-Фолс 42,7 Маунтин-Хоум 12,3
Левистон 31,9 Гарден-Сити 11,9
Рексбург 28,9 Блэкфут 11,2
Экономикасы thumb|right|250px|Айдахо алқабындағы трактор
2010 жылы штаттың Жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 55,4 миллиард долларды құраса, әр адамға шаққандағы ЖІӨ мөлшері құрады. 2008 жылы штаттың экономикасы АҚШ-тың басқа штаттарымен салыстырғанда 43-ші орында болды.
Штат экономикасының маңызды секторы ауыл шаруашылығы болып табылады. Жалпы АҚШ-та өсірілетін картоптың үштен бір бөлігі Айдахо штатына тиесілі. Әйгілі картоп сорттарының бірі Russet Burbank болып есептеледі. Картоптан басқа Айдахода бидайдың үш түрі өсіріледі. Бақтақ және жасымық өндірісі бойынша бірінші орын алады. Айдахода азық-түлік және ағаш өндірісі, көлік және химия өнеркәсіптері, сонымен қоса қағаз, электроника өндірістері жақсы дамыған. Гудинг қаласында ирландиялық Glanbia () компаниясына тиесілі елдің ең ірі шикізат өндіретін зауыты орналасқан. Айдахода реактивті катерлер өндіруші ірі өндірістер (Jetboat) орналасқан. Сандпойнт қаласында Coldwater Creek (Coldwater Creek) компаниясының киім сататын орталық офисі орналасқан.
Штат экономикасының ірі секторы ғылыми және технология саласы болып табылады. 2001 жылы бұл сала штаттың ЖІӨ мөлшерінің 25 % құрады. 1991—2002 жылдар аралығында бұл саланың өсім деңгейі 38 % болды.
Жұмыс күші мен жұмыссыздықтың динамикасы:
Транспорты Білім беру thumb|right|200px|Айдахо-Фолс қаласындағы мектеп Айдахо аумағындағы ең алғашқы мектепті 1837 жылы миссионер Генри Сполдинг (Henry H. Spalding) салған болатын. 1865 жылы мектептер саны 12-ге жетті: 4 жеке меншік және 8 муниципалдық. 5 – 21 жас аралығындағы 1239 баланың үштен бір бөлігі осы мектептерде оқыды. 1887 жылы 8 – 14 жас аралығындағы балалардың мектепке баруға міндеттейтін заң қабылданды. Осы заң арқасында 1889 жылы 296 мектеп жұмыс істеп, онда оқыды.
Алғашқы орта мектеп 1881 жылы штаттың қазіргі астанасы Бойсе қаласында салынған болатын. 1891 жылы штаттың білім министрлігі құрылды. 2008 жылы штатта 751 мектеп жұмыс істеді, онда 275 мыңға жуық бала оқыған болатын. Бір оқушыға шаққандағы салыстырмалы шығын бойынша штат ең соңғы орындарда. 2007-2008 жылғы кейбір мәліметтерге сүйенсек бұл көрсеткіш бойынша Айдахо штаты Юта және Теннесси штаттарынан ғана озып, соңынан санағанда 3-ші орында болған, ал басқа мәліметтерде соңғы орында болған делінеді. Оқу бағдарламасына жұмсалатын аз шығынға қарамастан, 2006 жылы штаттың орташа Айкю-і (IQ) 101,4 құрады (жалпыұлттық көрсеткіш - 98).
Жоғарғы оқу орындары Айдахода үш университет жұмыс істейді. Штаттың ең алғашқы және басты университеті — Айдахо Университеті (University of Idaho). Бұл оқу орын университеттерге жер телiмдерiн тегiн бөлу бағдарламасының аясында 1889 жылы Москоу қаласында құрылды. Штаттың екінші университеті , Айдахо штатының Университеті (Idaho State University), 1901 жылы Покателло қаласында «Айдахо академиясы» ретінде құрылып, университет статусын 1963 жылы иеленді. Штаттың үшінші университеті 1932 жылы Бойсе қаласына алғашында кіші колледж ретінде құрылып, 1974 жылдан бастап Бойсе Штат Университеті (Boise State University) деп аталды.
Бұлардан басқа штат аумағында 4 жеке меншік университет, 5 колледж және 7 жеке меншік колледж жұмыс істейді:
Жеке меншік университеттер: Brigham Young University–Idaho; George Fox University; Northwest Nazarene University; University of Phoenix;
Штат колледждері: College of Western Idaho; Lewis-Clark State College; North Idaho College; College of Southern Idaho; Eastern Idaho Technical College;
right|thumb|200px|Айдахо Университетінің басты ғимаратының алды Жеке меншік колледждер: Carrington College (US); Brown Mackie College; College of Idaho; ITT Technical Institute; New Saint Andrews College; Stevens–Henager College; Уэсли қолданбалы теология орталығы.
Спорты thumb|right|250px|Boise State Broncos football және Wyoming Cowboys fooball командалары, 2006 жыл Штатта дамыған негізгі спорт түрлері қатарына бейсбол, шайбалы хоккей және баскетбол жатады. Бірақ жоғарғы ұлттық спорт лигаларына қатысатын командалары жоқ.