Хао Хайдун (25 тамыз 1970) – Қытай құрамасының бұрынғы футболшысы, шабуылшы. Қытай құрамасында өнер көрсеткенhttp://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%A5%D0%B0%D0%BE_%D0%A5%D0%B0%D0%B9%D0%B4%D1%83%D0%BD. 1970 жылы 25 тамызда Қытайдың Циндао жерінде дүниеге келген. 2004 жылы өз бетінше жеке тренерлік мансабын бастаған. Қазіргі таңда Қытайдың футболдан бірінші дивизионы саналатын «Тяньцзинь Сунцзян» клубын басқарады. Қытайда және оның шегінде кеңінен танымал. Оны «Қытайдың үздік шабуылшысы» деп те атайды. «Далянь Ваньда» клубының құрамында жүргенде гол салу бойынша рекордқа ие болған.

Жетістіктері

Клубтағы жетістіктері

Қытайдың футболдан А-Цзя Лигасы, 1997, 1998, 2000, 2001, 2002 жылдардағы чемпион. Қытай футбол ассоциациясының кубогы: 2001 Қытайдың футболдан суперкубогы: 1997, 2001, 2003.

Халықаралық жетістіктері

Футболдан Азия кубогы

Индивидуалды жетістіктері

ҚФА алтын бутсы: 1997, 1998, 2001 1998 жылы «Жыл футболисті» ҚФА алтын добы: 1997, 1998.

Дереккөздер

Санат:Қытай футболшылары Санат:Қытай Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Шеффилд Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Қытай футбол жаттықтырушылары