ЖАМАН САРЫТАУ– Павлодар облысы Баянауыл ауданының оңт-нде орналасқан кішігірім тау. Қарақуыс (764 м) тауының оңт.-батысында, Күркелі (775 м) тауынан солт.-шығысқа қарай 10 км жерде. Биікт. шамамен 600 м-ден аспайды. Бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Шығысынан Сарыөзен өз. ағып өтеді. Қарасу және Еспе өзендерінің бірнеше тармақтары бастау алады. Шығыстан батысқа 2 км-ге созыла орналасқан. Девон мен тас көмірдің ортаңғы және жоғ. гранитоидтарынан түзілген. Күңгірт сары топырақ жамылғысында жусан, бетеге, сұлыбас өседі.
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Жаман сарытау · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.