Көлдер: Жамантұз – Сілеті алабындағы көл. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы жерінде. Жамантұз – Есіл алабындағы көл. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы жерінде. Жамантұз – Ертіс өзенінің орта ағысы мен Шідерті өзені аралығындағы тұйық алапта жатқан көл. Жамантұз – Ертіс алабындағы тұзды тұйық көл. Павлодар облысы Ақтоғай ауданында. Барлыбай ауылынан шығысқа қарай 20 км жерде. Жамантұз – Ақмола облысы Бурабай және Зеренді аудандарының шекарасында, Қылшықты өзенінің сол жағалауында орналасқан тұзды тұйық көл. Жамантұз – Павлодар облысы Май ауданында орналасқан тұзды тұйық көл. Ертіс өзені алабында. Малайсары батыр ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 52 км жерде, Түндік өзенінің сол аңғарында. Жамантұз – Шалқар көлі алабындағы тұйық көл. Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласынан солтүстік-батысқа қарай 22 км жерде орналасқан. Жамантұз – Қостанай облысы Жангелді ауданы Көкалат ауылынан оңтүстікке қарай 17 км жердегі тұйық көл. Торғай өзені алабында.

Ауылдар: Жамантұз - Ақмола облысы Зеренді ауданындағы ауыл.

Санат:Айрық беттер