Жоса – Ырғыз алабындағы өзен.

Географиялық орны Ақтөбе облысы Хромтау ауданында. Бақсай өзенінің оң саласы. Ұзындығы 45 км.

Бастауы Бастауын Әулиемола тауының оңтүстік-шығысындағы бұлақтардан алып, қыстаудан шығысқа қарай Бақсай өзеніне құяды.

Гидрологиясы Жағасы жайпақ, құмдауытты. Көктемгі еріген қар және жер асты суларымен толығады. Жайылмасында Жаркөл, Сынтас, т.б. қыстаулар орналасқан. Суы мал суаруға пайдаланылады."Қазақ энциклопедиясы"

Дереккөздер

Санат:Ырғыз су алабы Санат:Хромтау ауданы өзендері