Бөлекаяқ – Ойыл алабындағы кішкентай көл. Бөлек (сын есім) және аяқ (зат есім, географиялық термин) сөздерінің бірігуінен жасалған атау. Топонимияда, яғни гидронимдер құрамында аяқ терминінің мағынасы судың төменгі жағы, бұл атаудың мағынасы бөлінген сағаның төменгі, аяқталар ағысы.

Географиялық орны Атырау облысы Индер ауданы Қарабау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 30 км жерде орналасқан.

Гидрографикасы Көл теңіз деңгейінен 17,5 м төмен жатыр. Аумағы 13,5 км2. Ұзындығы 9,5 км. Жазда құрғап қалады. Суы кермек. Бөлекаяқтан өзі аттас өзен ағып шығады. Суы қарашаның ортасында қатып, сәуірдің басында ериді. Көл алабы мал жайылымына пайдаланылады.ҚАЗАҚСТАН ТАБИҒАТЫ: Энциклопедия Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2008. ISBN 9965-893-20-9

Дереккөздер

Санат:Индер ауданы көлдері