Харусь Мария ИосифовнаГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Мерке ауданы, "Новый путь" колхозының қызылшашылар бригадасының бригадирі (1946). 1899 жылы Украинада, Винницкі облысы, Хмельницкі ауданы, Ст.Гута селосында туған.
Еңбек жолы мен жетістігі 1942 жылы Жамбыл облысы, Мерке ауданына қоныс аударған соң, аудандық тұтынушылар одғаында бау-бақша бригадасының бригадирі болып істейді. 1945 жылы "Новый путь" колхозында қызылшашылар тобының звеношысы, кейінірек бригадада есепші болады. 1946 жылы қызылшашылар бригадасының бригадирі болып тағайындалып, қажырлы еңбектерінің нәтижесінде 6 гектар жердің әр гектарынан 855,5 центнерден өнім алып, алған міндеттемелерін ойдағыдай орындайды.
Наградалары Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948)
Дереккөздер
Санат:Социалистік еңбек ерлері