Гарднер ризантелласы () немесе Жер астында өсетін гүл – сүйсіндер тұқымдасының ризантелла тегінің шөптес суккулентті өсімдігі. Жер астын мекендейтін әлемдегеі бірегей гүл. Ол тропикалық (орхидеялар қатарындағы) өсімдіктер тобына жатады.
Ашылу тарихы Ең алғаш рет 1928 жылы Батыс Аустралия жерінен табылған. Қарапайым фермер серуендеп жүріп, жер астынан шығып жатқан хош иісті байқап қалады. Әлем ғалымдары жаңа табысқа таңырқап, ұзақ уақыт бойы зерттеу жүргізді.Ақ түсті өсімдік етті діңгектен тұрады және өсе келе өте ұсақ 150-ге жуық гүл ашады. Биіктігі – 3-8 сантиметр аралығында. Жапырақтары да ақшыл, иісі формалинді еске салады. Гарднер Ризантелласы бүкіл ғұмырын жер астында өткізеді екен.
Дереккөздер
Санат:Сүйсіндер Санат:Аустралия флорасы Санат:Адам атымен аталған өсімдіктер