Жетіген (1993 жылға дейін — Николаевка) — Қазақстан Республикасы Алматы облысының Іле ауданында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде орналасқан 1-дәрежелі әскери әуеайлақСу-24 ұшағының ұшқышы ұшу кезінде тұрғын үйге бомбаны құлатын алды.

Ил-76, Ан-22, Ту-154 ұшақтарын және жеңілірек үлгілерді қабылдауға қабілетті. Сондай-ақ барлық типтегі тікұшақтарды қондыру мүмкіндігі бар.

Жақын жерде Алатау қаласы (бұрынғы Жетіген ауылы) бар, онда әуеайлақ қызметкерлеріне арналған шағын әскери қалашық орналасқан. Жетіген ауылы 1993 жылға дейін Николаевка деп аталды.

2022 жылдың қаңтарында жаппай наразылықтар мен тәртіпсіздіктер аясында (Алматы әуежайымен бірге) ҰҚШҰ әскерлерінің келу бекеттерінің біріне айналды. Барлық шетелдік күштерді орналастыру аяқталғаннан кейін ол Беларусь Республикасы АОК 103-ші жеке гвардиялық әуе-десанттық бригадасының бітімгершілік ротасының қорғауына алындыБітімгершілердің тапсырмасы: Қазақстандағы тілшіміздің арнайы репортажы // СБ. Беларусь сегодня, 9 қаңтар 2022.

Тағы қараңыз Қазақстан Республикасы әуе қорғаныс күштері

Сілтеме Әуеайлақ суреттері

Дереккөздер

Санат:Қазақстанның әскери әуеайлақтары Санат:Алматы облысы