Батырханов Бүркітбай Масыпұлы (1924 жылы туған, Айыртау ауданы Ботай ауылы) — соғыс ардагері, қоғам қайраткері. Қазақ КСР еңбегі сіңген мәдениет қызметкері. Көкшетау педагогикалық училищесін (1941), КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін (1962) бітірген. Бірлестік ауылындағы орталау мектепте мұғалім болған. 1942 жылы тамыз айында Кеңес армиясы қатарына алынып, Орлов-Курск доғасындағы, Польшаны, Чехославакияны жаудан азат ету ұрыстарына қатысқан. Соғыстан кейін комсомол, партия қызметтерінде болған. 1953–1957 жылдары Қызылту аудандық партия комитетінің 2-хатшысы, Мәскеудегі арнайы бөлімнің меңгерушісі, кейіннен зейнеткерлікке шыққанға дейін Көкшетау облыстық партия комитетінің бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеген. 1-дәрежелі Ұлы Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Малая Серебряная ВСХВ» медальдарымен, т.б. марапатталған. Қазір Көкшетау қаласында тұрады.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том Дереккөздер
Санат:1924 жылы туғандар Санат:Айыртау ауданында туғандар Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері Санат:I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Ерлігі үшін медалінің иегерлері (КСРО) Санат:Жауынгерлік еңбегі үшін медалінің иегерлері Санат:1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін медалінің иегерлері