Шақтама (Допуск) — дәлдік квалитетіне сәйкес параметрдің сандық сипаттамасының номиналдық мәнінен шақтамалық ауытқуы; ең үлкен және ең кіші шекті өлшемдердің айырмасы.Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдықтары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.

Түрлері Бұрыштық шақтама (Допуск угловой) — ең үлкен және ең кіші шекті бұрыштардың айырмасы. Бүйір ауытқыма шақтама(Допуск торцового биения) — бүйір ауытқыманың ең үлкен шақтамалық мәні.f \ 0.0121 А Білік шақтама (Допуск вала) - біліктің ең үлкен жөне ең кіші өлшем мәндерінің айырмасы. Біржақты шақтама (Допуск односторонний) — бұл шақтаманың шекті ауытқулары нөлдік сызықтан немесе номиналдық өлшемнен жоғары немесе төмен орналасқан. Екіжақты шақтама (Допуск двухсторонний) — бұл шақтаманың шекті ауытқулары нолдік сызықтан немесе номиналдық олшемнің екі жағында орналасқан (жоғарғы ауытқуы оң, ал төменгі ауытқуы теріс таңбалы сандар). Біросьтілік шақтама (Допуск соосности) — біросьтіліктен ауытқудың ең үлкен шақтамалық мөні. Дөңгелектік шақтама (Допуск круглости) — дөңгелектіктен ауытқудың ең үлкен шақтамалық мәні. Жазықтылық шақтама(Допуск плоскостности) — жазықтылықтан ауытқудың ең үлкен шақтамалық мәні. Жүйенің шақтамасы (Допуск системы) — белгілі бір шақтама жүйесімен анықталған стандарттық шақтама. Керілістің шақтамасы(Допуск натяга) — ең үлкен және ең кіші керіліс мәндерінің айырмасы. Конус диаметрінің шақтамасы (Допуск диаметра конуса) — көлденең қимада алынған конус диаметрлерінің шекті мөндерінің айырмасы. Конустың осьтік шақтамасы (Осевой допуск конуса) — конустың жоғарғы жөне төменгі ось ауытқуларының айырмасы. Көлбеулік шактама (Допуск наклона) — көлбеуліктен ауытқудың ең үлкен шақтамалық мәні. Қабылдау шактама (Допуск приемочный) — қабылдау кезіндегі бақылауға арналған шақтама. Қондырманың шақтамасы (Допуск посадки) — қосылатын тетіктер шақтамаларының қосындысы. Қосынды шақтама (Допуск суммарный) — қосынды ауытқуының шақтамалық мәнінің ауытқуы. Негізгі шақтама (Допуск основной) — сызбалармен немесе басқа нормативтік-техникалық құжаттармен талап етілген параметрлердің (өлшемдердің) шақтамасы. Орналасу шақтамасы (Допуск расположения) — орналасу ауытқуының шақтамалық мәндерінің шегі. Осьтер қиылысу шақтамасы (Допуск пересечения осей) — осьтердің қиылысуынан ауытқуының ең үлкен шақтамалық мәні. Осьтік ауытқыма шақтама (Допуск осевого биения) — осьтік ауытқыманың ең үлкен шақтамалық мәні. Өндірістік шақтама (Допуск производственный) — операциялық бақьшауға арналған шақтама. Өлшем шақтамасы (Допуск размера) — ең үлкен және ең кіші шекті өлшемдердің айырмасы. Пайдалану шақтамасы (Допуск эксплуатационный) — ұзақ пайдалану көрсеткіштерінің талап етілген деңгейін қамтамасыз ететін дәлдік қорын құруға арналған шақтама. Параллельдік шақтама (Допуск параллельности) — параллельдіктен ауытқудың ең үлкен шақтамалық мәні. Перпендикулярлық шақтама (Допуск перпендикулярности) — перпендикулярлықтан ауытқудың ең үлкен шақтамалық мәні. Саңылаудың шақтамасы(Допуск зазора) — саңылаудың ең үлкен және ең кіші мәндерінің айырмасы. Cимметриялылық шақтама (Допуск симметричности) — симметриялықтан ауытқуының ең үлкен шақгамалық мәні. Пішіннің шақтамасы(Допуск профиля) — пішін ауытқуының ең үлкен шақтамалық мәні. Радиаль ауытқыма шақтама (Допуск радиального биения) — радиаль ауытқыманың ең үлкен шақтамалық мәні. Тәуелді шақтама (Допуск зависимый) — ауыспалы шақтама; оның ең кіші мәні сызбада көрсетілген және бұл мәнді элементтің нақты елшемінің ауытқу мәніне ауыстыруға болады. Тәуелсіз шақтама (Допуск независимый) — бір сызбамен жасалған тетіктер жиынтыгының мәндері түрақты жөне элементтерінің нақты өлшемдеріне тәуелсіз шақтама. Тесіктік шақтама (Допуск отверстия) — тесіктің ең үлкен және ең кіші шекті өлшем мөндерінің айырмасы. Тозу шақтамасы (Допуск на износ) — өлшейтін мөлшерлегіштің жүмыс барысында үйкеліс тозуының ең үлкен шекті мәні. Толық ауытқыма шақтама (Допуск полного биения) — толық ауытқыманың ең үлкен шақтамалық мәні. Түзусызықтылық шақтама (Допуск прямолинейности) — түзусызықтылықтан ауытқудың ең үлкен шақтамалық мәні. Тұрақтық шақтама (Допуск позиционный) — элементгің түрақты ауытқуының ең үлкен шақтамалық мәні. Цилиндрлік шақтама(Допуск цилиндричности) — цилиндрліктен ауытқудың ең үлкен шақтамалық мәні.Тау формуласында қолданылатын, номиналды өлшемге тәуелді сан. Шақтама өрісі Шақтама өрісі (Поле допуска) Td — шақтаманы график түрінде көрсету кезіндегі жоғарғы және төменгі ауытқулардың арасындагы өріс. Шақтама бірлігі Шақтама бірлігі (Единица допуск) — шақтаманың мәнін анықтайды.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6

Дереккөздер

Санат:Техника Санат:Машина жасау